Украинаны қай елдер қарумен қамтамасыз етіп жатыр?
Украина мен Ресей арасындағы соғыстың жалғасып жатқанына аз уақыт болған жоқ. Адам шығыны, қиратылған қала, жаралы әскерилер, осының барлығы түрлі репортаждардан көрініс тауып жатыр. Бұл ретте қанды қырғын басталғалы әлемнің түкпір-түкпірінен қару-жарақтар мен оқ-дәрілер жеткізілуде. Kznews.kz сайтының тілшісі Украина мемлекетінің қорғаныс қабілеті мен әскери-техникасына шолу жасады.
АҚШ Украинаға қаңтар айында қалай көмектесті?
Қаңтар айының басында Украинаға шамамен 200 миллион доллар тұратын қару-жарақ жөнелтілген. Кейін АҚШ Украинаға әскери-техниканың екі партиясын жеткізіп үлгерді.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, бұл өлімге әкелетін өте қауіпті қару-жарақ пен оқ-дәрілер екен. Қару-жарақ тізімдері әлі күнге дейін ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен BBC ақпараттық агенттігі дайындаған арнайы фоторепортажда АҚШ Украинаға қару-жарақ жөнелтілген кадрлары айдан анық көрсетілген.
Олардың арасында 2018 жылы Киевке берілген «Javelin» танкісіне қарсы зымырандар бар. Сонымен қатар, баспасөз және әлеуметтік желі қолданушылары фотосуреттен күшейтілген таблеткалар мен бункерлермен күресуге арналған SMAW-D гранатометтерін байқады.
«Екінші құс Киевте! Украинаның қорғаныс қабілетін күшейту үшін американдық достарымыздан 80 тоннадан астам қару-жарақ жібердік. Бұл соңғысы емес», — деп жазды министр Twitter парақшасында. Ол қару-жарақ әкелген Boeing 747 жүк ұшағының суретін қоса жүктелді. Оның ішінде Ресейге тойтарыыс беретін Javelin зымырандары бар.
Украина АҚШ-тан қандай көмек сұрады?
Бұдан бұрын хабарланғандай, Украина АҚШ-тан әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, Javelin танкісіне қарсы зымырандар, электронды соғыс техникасы, радиолокациялық жүйелер, модернизацияланған артиллериялық оқ-дәрілер мен дәрі-дәрмек сұраған еді.
АҚШ Украинаға қай уақыттан бастап әскери-техникалық көмек көрсетіп келеді?
АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылдың желтоқсанында Украинаға қауіпті қару-жарақ жеткізуге рұқсат берді: ол кезде келісім бойынша, жалпы сомасы 41,5 миллион долларға снайперлік жүйелер, оқ-дәрілер мен қосалқы бөлшектер кірген еді.
АҚШ Конгресі 2014 жылы Украинаның еркіндігін қолдау актісін қабылдау арқылы мұндай байланысқа рұқсат берді. Қосымша көмектің ағымдағы пакеті желтоқсан айында дайындалды.
Жалпы, 2014 жылдан бері АҚШ Украинаға 2,5 миллион доллардан астам әскери көмек көрсеткен. Ол тек қару-жарақпен қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар Украина қарулы күштерін оқытуды да қамтыды.
АҚШ Украинаға көмек көрсетуге рұқсат еткен мемлекеттер
Бұған қоса, 21 қаңтарда АҚШ Эстония, Литва және Латвия мемлекеттеріне Украинаға американдық қару-жарақ жеткізуге ресми түрде рұқсат берді. Эстония бірқатар танкке қарсы Javelin жүйелерін, ал Литва мен Латвия Украинаға Stinger адам тасымалдайтын әуе қорғаныс жүйелерін жеткізген.
Алайда Эстониядан жеткізілуі керек қару-жарақтарға, әсіресе кеңестік D-30 сүйреткіш гаубицаларын жеткізуге Германия тосқауыл қойды. Ол алдымен ГДР-ға тиесілі болып, кейін Финляндияға берілген, бірақ кейін, белгісіз жағдайда, Эстониядан табылған. Бұл артиллериялық жүйелерді жеткізу үшін Хельсинки мен Берлин рұқсат беруі керек, бірақ неміс билігі әлі келісімін берген жоқ. Алайда соғыстың өршуіне байланысты, ақпан айында Германия Украинаға 500 «Стингер» зымырандары мен 1000 танкке қарсы «Панзерфауст» гранатометтерін жеткізді.
Біріккен Корольдік өз тарапынан Украинаға NLAW бір реттік портативті танкке қарсы жүйелерін берді. Бұл британдық қарудың Украинаға бірінші жеткізілуі болды. Екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.
2021 жылдың жазында Лондон мен Киев зымырандық қайықтарды бірлесіп жасауға келісті. Сондай-ақ Ұлыбритания корольдігі әскери-теңіз күштерінен шығарылған екі мина тасушы кемесін Украинаға жеткізді. Олар алдағы уақытта жаңартылатын болады. 2015 жылдан бері Ұлыбритания 21 000 украинаның әскери адамдарын оқытқан.
Ұлыбритания Украинаны соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтамасыз етті. Ол — 50 мм гранатаметі бар танкіге қарсы ең үздік «NLAW» атауымен танымал құрал. Ол ресейлік танктердің кез келген түрін жоятын ең мықты қару болып саналады. Оны Щвеция мен Ұлыбритания бірігіп жасаған.
3 ақпанда Түркияның «Байрактар» дрондары Украинада шығарылатыны туралы келісім жасалған еді. Бұл Түркия делегациясының Киевке іс-сапары кезінде жоспарланды. Ал сәуір айында Австралия үкіметі Украинаға сыйға тартқан алғашқы 20 «Bushmaster» броньды көлігі Еуропа әуежайларының біріне жеткізілді.
ЕО Украинаға қалай көмектеседі?
Еуропалық Одақ ұйым болғандықтан, оларда айтайлықтай қару немесе оқ-дәрілер жоқ. Бірақ ЕО-ға мүше елдерде керектінің бәрі сақталған.
Мұның практикалық мәні де, маңызы да зор. Көмек ЕО-ның барлық 27 мемлекеті атынан көрсетіледі. Олардың көпшілігі Украина қарулы күштеріне қару-жарақтарды бірінен соң бірі тапсырып үлгерген. Егер осы мемлекеттердің бірінде қаржы тапшылығына байланысты мәселелер туындаса, онда Одақ барынша көмек қолын созады. Боррел Еуроодақ елдері Украинаға екіжақты көмекті күшейтуге ниетті екенін айтты.
ЕО Украинаға қандай қаруды жеткізеді?
Еуроодақ Украина қарулы күштерін барлық қажет қару-жарақпен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта Брюссельде жеке үйлестіру орталығы құрылды. Оның міндеті Украинаның қажеттіліктері мен ЕО елдерінің мүмкіндіктерін салыстырып, күш-жігерін біріктірумен айналысады.
Жозеп Боррелл «барлық калибрдегі» жүйелерді, танкке қарсы қаруларды, снарядтар мен патрондарды, сондай-ақ ұшақтарды жіберді. «Біз тіпті жойғыш ұшақтарды да береміз», — деді еуропалық дипломатияның басшысы. Оның айтуынша, Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба оны өздері сұраған.
ЕО-дан қанша ақша қаржы бөлінді?
ЕО 50 миллион доллар бөлген. Бұл бюджет айтарлықтай зияны жоқ бронь, дулыға, сондай-ақ танктер мен ұшақтарға арналған жанармайларға жұмсалады.
Еуроодақтың Украина қарулы күштері үшін қару-жарақпен қаржыландыру туралы шешімі 28 ақпанда күшіне енді. Заңды түрде ол 24 ай бойы жарамды, бірақ Брюссель Украина Қарулы күштеріне көмекті мүмкіндігінше ерте жіберуге тырысты. Бұл үшін олар тіпті осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕО мемлекеттері ұсынып отырған көмекті қаржыландыру мақсатында EPF-ны ретроактивті пайдалануға рұқсат берді.
ЕО елдері Украинаға қаруды қалай жеткізеді?
Ресей Украинаға басып кірмес бұрын қару-жарақ ұшақтармен жеткізілген еді. Қазір бұл жолдардың барлығы жабық. Соғыстың екінші күні Варшава Украинаға оқ-дәрілерді жүк көліктерімен әкелді. Осыдан кейін Польша үкіметі бұл елді қару-жарақ жеткізу орталығына айналдыруды ұсынды. Ал Венгрия үкіметі Украинаны қауіпті қару-жарақпен қамтамасыз етуден де, оны өз аумағы арқылы тасымалдау мүмкіндігінен де бас тартты.
Қорғаныс министрлері журналистердің «Ресейдің Украинаға Беларусь аумағынан зымырандық шабуыл жағдайында қару-жарақты қалай жеткізу жоспарда бар?» деп сұрағанда, Боррелл: «Бұл соғыс. Ресейлік тарап пайдалана алатын ақпаратты жариялай алмаймыз», — деп қысқа қайырды.
(Фото:http://uz.sputniknews.ru)