Украиналық тележүргізуші ресейліктерге үндеу жасады: «Сіздің үйіңізді біреу тартып алды ма?» (видео)

0

Украиналық тележүргізуші әрі блогер Антон Птушкин 5,5 миллион жазылушысы бар YouTube арнасында ресейліктерге «Өткен сегіз жылда қайда болдым?» деп аталатын видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Бейнероликте ол 2014 жылдан бері қарулы қақтығыс жүріп жатқан Донбасстағы оқиғаларға деген көзқарасы туралы және өмірінің көп бөлігі өткен, өзі туып-өскен Луганскіге деген көзқарасы туралы айтты.

«Луганск — 2014 жылы тартып алған менің үйім. Сіздің үйіңізді біреу тартып алған кез болды ма? Елестетіп көріңізші, оқыған, жұмыс істеген, мерекелік кештер өткізген, көптеген ортақ адамдар мен естеліктер болған жер енді сіздікі емес. Сіз білетін барлық адам, достарыңыз да кетіп қалды. Олардың орнына әскери адамдар келді. Осыдан кейін Луганск, Донбасс жері мен тұрғындары туралы кез келген естелік менің жанымды ауыртады», — деді ол.