«Украинадан кейінгі мәселе Қазақстан»: Ресейлік сарапшылар тағы да көсемсіді
«Встреча с Владимиром Соловьевым» ресейлік үгіт-насихат шоуына қатысушылар Қазақстанды Ресей үшін келесі нысана деп атады. Олар бұл ел Украинаның «ізімен» жүруі мүмкін деп санайды.
Ресейлік сарапшылар «нацистік сезімдер» Украинадағыдай Қазақстанда да дамуы мүмкін деп болжайды. Олар кенеттен республикада орыстілді халықтың көп екенін, сондай-ақ ядролық отынның мол қоры барын есіне алды.
– Ендігі мәселе Қазақстан екенін байқаймыз. Онда да Украинадағыдай «нацистік процестер» басталуы мүмкін. Ол жерде орыстар көп, аумақтар, Семейде біздің бүкіл «Росатом» үшін ядролық отын да бар, – деді саясаттанушы Дмитрий Дробницкий телеарна эфирінде.
Айта кетсек, ресейлік БАҚ Қазақстанның «сатқындық» мәселесін жиі көтеріп жүр. Олардың пайымдауынша, көрші елдер арасындағы қарым-қатынас салқындап, Еуроодақ республиканы Батыстың антиресейлік коалициясына тартуға тырысуда.
Бұған дейін ресейлік насихатшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ) сынға алған болатын. Олар Ресейдің басқа елдерге қарағанда өз міндеттемелерін әрқашан орындайтынын атап өтті. Ресейлік саясаттанушы Аркадий Дубнов та бүгінде ҰҚШҰ басқа мәселелерді шешу үшін мүлде басқа уақытта дүниеге келген құнсыз ұйым екенін айтты.