Осылайша, Еуропа елдері санкциялардың салдарын жеңілдететін шешімдерге жүгінуге мәжбүр. Мәселен, Румыния көмірден электр энергиясын өндіруді қайта қолға алмақ, деп хабарлайды ТАСС. Румыния Сенатының спикері, Ұлттық либералдық партияның жетекшісі Флорин Читу Румынияда көмір шахталары мен жылу электр стансалары кіретін Олтения және Хунедоара энергетикалық кешендер қайта ашылатынын айтты.

Албанияда кейбір тас жолдарда жарықты өшіруді ұйғарды. Бұл туралы Албанияның энергетика және инфрақұрылым министрі Белинда Балуку мәлімдеді, деп хабарлайды Regnum. Елде алдағы екі аптада жауын-шашын болмай, су электр стансаларынан электр энергиясын өндіруге кері әсер ететіні хабарланды. Осыған байланысты үкімет халықаралық нарықтарда электр энергиясын қосымша сатып алу туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге, Балуку үй шаруашылықтары үшін электр энергиясының бағасы өзгеріссіз қалатынына кепілдік берді.

Италия үкіметі кәсіпкерлерге мамыр және маусым айларында электр және газ төлемдерін кейінірек, екі жыл ішінде төлеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Regnum. Бұл компанияларға рентабельділікке байланысты қызметін тоқтатпауға көмектеседі деп күтілуде. Жалпы сомасы 9 миллиард еуроға жуық мемлекет кепілдіктері сақталады.

Энергетикалық дағдарыс Ұлыбританияға да әсер етті: үкімет Ресейден отын түйіршіктерін жеткізуді тоқтатты. Осылайша, санкцияларға байланысты ресейлік түйіршіктелген ағаш отынын сатып алуды шектеу энергетикалық нарықтағы жағдайды қиындатады, деп хабарлайды «Московский комсомолец».

Дегенмен, Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін әзірлеуде.

Балтық жағалауы елдері, соның ішінде Литва мұнай эмбаргосын енгізуді талап етуде. Кейбір елдер Мәскеуге мұнай эмбаргосын енгізуді талап етіп отырғаны белгілі. Бірақ Германия асығыс қадамдар жасамауды ескертеді, өйткені Еуропадағы энергия бағасы айтарлықтай жоғары.

Ресейдің санкциялары Еуропадағы 2021 жылы газ бағасы 1000 текше метрге 1000 доллардан асып кеткен кезде басталған энергетикалық дағдарысты ушықтырды.

(фото eenergy.media сайтынан алынды)