Украинадағы президенттік сайлау турының қорытындысы шықты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Украинаның орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдерін санауды аяқтап, қорытындысын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Украина президенттігіне үміткер Владимир Зеленский алғашқы тур қорытындысы бойынша 30,24% дауыс жинаған. Қазіргі президент Петр Порошенконы 15,95% адам қолдады. «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко жинаған дауыс саны — 13,4% , деп хабарлайды РИА Новости Украинаның орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

«Оппозиционная платформа – за жизнь» партиясының лидері Юрий Бойко төртінші орында, оған сайлаушылардың 11,67% қолдау білдірді.

Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, үміткерлердің ешбірі қажетті дауыс жинамаған. Бірінші кезең қорытындысы бойынша бірде-бір үміткер жеңіске жеткен жоқ. Сайлаудың екінші туры 21 сәуір күні өтеді.

Тағы оқыңыз: Президент сайлауы кезінде теракт жасамақ болған содырдың көзі жойылды

Еске сала кетсек, Украина президентінің сайлауы 31 наурыз күні өткен болатын. Қазіргі мемлекет басшысының айтуынша, сайлау Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы стандартына сай ашық түрде өтті. Еуропалық ұйым өкілдері сайлау бәсеке жағдайында өткенін мәлімдеді. Алайда миссия сайлау процесінің бұзылу жайттарын да тіркепті. Юлия Тимошенко штабы Украинаның Қауіпсіздік қызметіне сайлау нәтижесін бұрмалады деген айып тағып отыр. Юрий Бойко да сайлау науқанының тәртібі бұзылды дегенді алға тартады.



sputniknews.kz