Украинадағы балалар адам саудасының құрбанына айналуы мүмкін

0

Украина шекарасында қарбалас пен абыржулар кезінде балалар жоғала бастады. Бақылау бекетінде ата-анасынан көзжазған балалар адам саудалаушылардың негізгі нысанына айналған. Ал босқын әйелдерге Польшадан заңсыз жұмысқа тұру туралы ұсыныстардың келіп жатқаны анықталуда. Бұл мәселені үкімет шеше алмағандықтан, бірнеше құқық қорғау органдары осы орайда жұмыс істеуде, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

13 наурыздағы мәлімет бойынша Ресейдің қысымы салдарынан Украинадан кеткен босқындар саны 2,8 миллион адамға жетті. Шамамен 1,7 миллионы Польшаға баруды көздегендіктен бақылау бекетіндегі кезек көбейіп кеткен.

Украина Бас прокуратурасының мәліметінше елде соғыс басталғалы бері 100 бала жарақат алып, 97-сі қаза тапқан.

Америкалық ардагерлер негізін қалаған Aerial Recovery коммерциялық емес ұйымы ата-анасыз қалған, балалар үйінің жеткіншектерін қақтығыс аймағынан шығаруға тырысуда. Елде балалар үйінде тәрбиеленушілер саны 100 мыңды құрайды. Кейбір дереккөздер бұл сандардың 200 мыңға дейін жеткенін айтады. Алайда ұйымдағылардың мәліметіне сүйенсек ата-анасынан адасып, жоғалып кеткен балалар көп. Олардың адам саудасымен айналысатындардың қолына түсу қаупі жоғары.

“Мемлекет бұл мәселені шешетін жағдайда емес”,- дейді ұйымның бас операциялық директоры Джерими Лок.

Aerial Recovery босқындарға Salam үкіметтік емес ұйымымен бірігіп көмектесуде. Бұған дейін соғыс алаңында қалып қалған балаларды әскерилер бақылау бекетіне дейін әкелетіндері жарияланған болатын. Алайда олар тек шекарада қалдырылады.

“Олар әлі кішкентай. Айналасынан көмек іздейді. Егер біреу барып басынан сипап алып кетемін десе, ілесіп кете береді. Олар адамдардың бәріне сенеді”,-деді Salam ұйымының қызметкері Мартин Квернбек.

Квернбек балалардың жоғалуы туралы фактілерді көптеген жерлерден естіген. Адам ұрлаушылар әлеуметтік қызметкердің кейпінде алдауға кіріскен.

“Бұлар қаржыландырылған, өте тәжірибелі бандалық топ. Олар оңай олжаны осылайша табуға тырысады. Қазіргі болып жатқан соғыс пен қарбаласты пайдаланған олар әйелдер мен балаларды ұрлауға кірісіп кеткен”,- деп жалғастырды Квернбек.

Қазір 18 бен 66 жас аралығындағы азаматтарға Украинадан кетуге тыйым салынған. Тек үш баласы бар жандар ғана шекарадан еш тексеріссіз өте алады. Алайда адам саудалағыштар үш баланы ерітіп алса, олардың шынымен сол балалардың әкесі емес екенін анықтау өте қиын.

ЕО комиссары Йлва Йоханссон осы аптада балалар мәселесіне алаңдаушылығын білдірді.

«Балалар үйіндегі жеткіншектерді өздерімен бірге шекарадан өткізу үшін алып кетіп, кейін адам саудасында пайдаланатын қылмыскерлер туралы да хабарлар келіп жатыр», — деді ол.

«Бұндай жағдайлардың болып жатқанын бәрі біледі, бірақ жалпы түсінбеушілік салдарынан мәселенің ауқымын бағалау мүмкін емес. Билік барлық балалардың құжат бойынша ізіне түсуге тырысуда. Алайда қылмыскерлер арттарынан із қалдырмайды», — дейді Квернбекк.

Қазір Украина билігі үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен босқын балаларды орналастыру жүйесін құруда.

Өткен аптада әуеден қалпына келтіру тобы Львов облысының балалар істері министрімен қалада қауіпсіздік аймақтарын енгізу мәселесін талқылады. Осылайша балаларды шекарадан өткізу қажет болмайды және биліктің қарамағында болады.

Ұйым директоры Локтың айтуынша елде бүгінге дейін 5 мыңға жуық бала жоғалған. Олар құжат бойынша тіркеулерде болса да, іс жүзінде табылмаған. Лок оларды қаза тапты немесе контрабандалық топтардың қолына түскен болуы мүмкін деп болжады.

Львов облыстық әлеуметтік саясат министрлігінің балаларды қорғау қызметінің басшысы Владимир Лис соғыстың алғашқы 10 күндігінде елдің не істерін білмей адасқанын айтады. Қазір елде үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлар жеткілікті, барлығы жүйелі жұмыс істеуде. Оның айтуынша қазір соғыс болған аймақтарда қалып қойған балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілуде.

Қазір Львов облысында 550 балалар үйі бар. Билік бұл көрсеткіш екі есеге өседі деп күтеді. Департамент қызметкерлерінен құралған топ Львов теміржол вокзалында 10 күн бойы балаларды қарап шыққан.

“Болып жатқан жағдайлардан украиндықттар қатты үрейленуде. Қамқоршысыз, ересектерсіз адасқан балалар шетелге өткізілген болса, жезөкшелік пен адам саудасының құрбанына айналулары әбден мүмкін”,- деді Лис.

Мартин Квернбек жоғалған балалардың сандыры нақты белгісіз екенін Украина билігі іздестіру шараларын жүргізіп жатқандығын хабарлады.

«Біз контрабандашылардың Украинадағы соғысты барынша пайдаланып жатқанын көріп отырмыз. Қазір бізде бұл балаларды қауіпті аймақтардан алып шығудың жүйесі бар деп үміттенемін. Сондықтан олар адам саудагерлерінің қолына түсейді деп сенеміз»,- деді Aerial Recovery компаниясының мүшесі, бұрынғы әскери қызметкер Роб Лори.

(Фото http://m.dw.com сайтынан алынды)