Украинадағы әскери қақтығыс бірнеше сағат ішінде тоқтайды – Путиннің баспасөз хатшысы

0

РФ президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Песков Украина билігі соғысты бірнеше сағат ішінде тоқтата алатынын айтты, деп жазады kznews.kz сайты Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

«Украина тарапы осы күннің соңына дейін соғысты тоқтата алады. Ұлттық құрылымдық бөлімдерге, украин әскеріне қаруын тастауға бұйрық керек және Ресей Федерациясының талабын орындау қажет. Бәрі осы күннің соңына дейін аяқталуы мүмкін. Қалғаны Украина басшысының ойлануына байланысты шешіледі», – деді Владимир Путиннің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, ресей тарапы Владимир Путиннің «арнайы әскери операция жоспар бойынша жүріп жатыр және мақсатына жетеді» деген мәлімдемесіне сүйенеді және әскери қақтығыстың аяқталу уақыты белгіленбеген.