«Украинада жастарды президенттікке сайлайды, ал бізде тұтқындайды»: Досым Сәтпаев биліктің жастарға тосқауыл болып отырғанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев кеше Украинада өткен сайлаудың нәтижесін айта келе, Украина мен Қазақстан билігін салыстырды. Оның айтуынша, Қазақстанда басқа ел секілді жастарды президенттікке дейін көтермейді, керісінше тұтқындайды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Украинада әділ және бәсекелі сайлауда жеңіске жеткен жаңа, жас президент болады. Ал бізде жастарды президенттікке көтермейді. Бізде жастарды өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік бермей, әдеттегідей тұтқынға алғанды жөн көреді. Және бұл аты айқайлап тұрған «Жастар жылында» болып жатыр. Қандай зәрлі мысқыл. Бұның бәрі биліктегілер нақты өзгерістерді қаламағаннан болып отыр»,- деді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Саясаттанушы биліктегілер тіпті, естігілері де келмейтін жастардың келешегіне қызығушылық танытпайды дейді. Яғни, оның сөзінше жастардың болашағына қызығып тұрған билік жоқ. Саясаттанушының пікірінше, олардың міндеті қазіргі status quo саяси мәртебесін барынша кеңейту болып табылады екен. 

«Және ертең «Нұр Отан» партиясының съезінде бізге жаңа жас меритократияның орнына олар ескі үкіметтің өкілін ұсынғысы келеді. Бірақ жүйе баяғыда-ақ құлдыраған. Мемлекетті бұрынғы тәртіппен басқару енді мүмкін емес, өйткені әлем қазірдің өзінде мүлдем басқа. Адамдар мен ұрпақтар өзгереді, олардың арасындағы жаңа қарым-қатынас формалары пайда болады, ескі сәтсіздіктерді жамап, өзіндегіні және айналаңдағы бір нәрсені өзгертуді қалайтын жаңа ойлар туады, жаңа үміт пайда болады. 

Мен, «Деформация вертикали…» кітабымда жазғанымдай: Бізде мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесін ауқымды түрде қайта құрмай ештеңе болмайды. Ал егер ескі компьютерлер сияқты көптеген саяси жүйе сырттан келіп түсетін ақпараттың үлкен көлемін өңдей алмаса немесе үлгермесе, онда мұнда толық жаңарту немесе компьютерді заманауи үлгіге ауыстыру қажет»,- деп қорытындылады саясаттанушы.
 

stan.kz