Украинада «үй ішінен үй тіккендердің» Ресейге қосылу жөніндегі референдумы басталды

0

ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарында референдум басталды.

Донецк және Луганск Халық Республикаларында (ДХР және ЛХР), сондай-ақ Херсон облысында және Ресей әскерлері бақылауындағы Запорожье облысының аумағында Ресей Федерациясына қосылу туралы референдум басталды. Ол 5 күнге созылады.

Алғашқы 4 күнде дауыс беру сайлау учаскелерінде емес, тұрғындардың үйлерін аралап, дауыс жинау арқылы өтеді. Ал сайлау учаскелерінде тұрғындар 27 қыркүйекте дауыс бере алады. Сол күні дауыстарды санау басталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Украинаның оңтүстігінде жалған референдум өткізетін болса, келісссөздің болмайтынын айтқан еді.