Украинада соғыс басталғалы бері 500 күнде 494 бала өлген
Украинада соғыс басталғалы 494 сәби өліп, кемі 1051 сәби жараланған. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты Украина бас прокуратурасы таратқан. Ведомство мәліметіне қарағанда, Донецк (472), Харьков (297), Киев (129), Херсон (115), Запорожье (91), Николаев (89), Днепропетровск (83), Чернигов (71) және Луганск (67) облыстарында балалар басқа аймақтарға қарағанда көбірек өліп, жараланған.
«Бұл соңғы цифр емес. Ұрыс қимылдары белсенді жүрген аймақтарда жағдай әлі де тексеріліп жатыр», — дейді ведомство.