Украинада өлген Қадыров әскерін шошқа терісінде жерлейді
Днепропетровск облысы Украинаның басқа облыстарымен бірге Ресей әскеріне тойтарыс беруге дайын. Облыста әсіресе «Қадыров әскері» сарбаздарын күтіп отыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Украинаға Шешенстаннан келіп, осында, Днепропетровск облысында өліп жатқан басқыншыларды «шошқа терісінде көмуге» уәде береді.
Бұл туралы «Разбитая гармошка Костромы» Telegram-арнасында Днепр мэрінің орынбасары Михаил Лысенко хабарлады.
«Ресми түрде. Шешім қабылданды. Днепропетровск облысы аумағында өлтірілген барлық Қадыровшылар шошқа терісіне оралып, жерленетін болады. Қаладағы ет комбинаттарына рахмет. Оларды «жәннатта» қалай қарсы алатынын көрейік», — деп жазды Лысенко.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.
2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.
27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау мақсатында геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.