6,5 миллион ішкі босқындардың шамамен 13,5 пайызы екінші рет қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар алғаш рет 2014-2015 жылдары үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Ішкі қоныс аударушылардың 53 пайыздан астамы әйелдер. Олардың барлығы қаржылық ресурстарды қажет етеді, олардың көпшілігі дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке мұқтаж, деп хабарлады БҰҰ баспасөз қызметі.

 «Көшіп кеткендердің көпшілігі осал топтарға жатады: жүкті және бала емізетін әйелдер, қарттар, мүгедектер, созылмалы аурулары бар адамдар және зорлық-зомбылықтан тікелей зардап шеккен адамдар» делінген Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) баспасөз баянында.

Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты ел ішіндегі босқындар шұғыл гуманитарлық көмекке зәру. Олардың көпшілігі әлі де қауіпті аймақтардан кете алмайды, деп атап өтті ХКҰ.

Украина азаматтары Қазақстанға арнайы тарифпен ұша алады. Бұл туралы Air Astana президенті Питер Фостердің әйелі Татьяна Фостер Instagram парақшасында мәлімдеді. Ұшу Франкфурт-Алматы рейсі арқылы жүзеге асырылады. Тариф коды – «UFR Ukraine Family Repatriation» – бұл отбасын біріктіру үшін.

(фото egemen.kz сайтынан алынды)