Украинада бала өліміне күдікті екі полицей тұтқындалды

0
119

Киев соты полиция қызметкерлері Иван Приходько мен Владимир Петровецті екі айға қамауға алуға шешім шығарды. Олар Переяслав-Хмельницкий қаласында бес жасар баланы қарудан атып жарақаттап, кейін бүлдіршін көз жұмған.

31 мамыр күні жол-патруль полициясының масайған екі қызметкері тұрғын үйлердің бірінің маңындағы темір қораптарға оқ атқан. Оқтың бірі сол маңда ойнап жүрген балаға тиіп, ол 3 маусымда ауруханада қайтыс болды.

Полицейлерге «қасақана кісі өлтірді» және «қару қолданып бұзақылық жасады» деген айыптар тағылды. Алғашқы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Иван Приходько айыбын мойындаудан бас тартты. Украин баспасөзінің жазуынша, прокуратура оның қашып кетуі болмаса айғақтарды жойып, куәгерлерге қысым жасауы мүмкін деген уәжбен соттан оны қамауға алуды сұраған.

Бұл оқиғадан кейін Киев облыстық полиция бастығы Дмитрий Ценов қызметінен кетті. Украина ұлттық полициясы басшылығы қаза болған баланың ата-анасына көңіл айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл іс бойынша тергеуді өзі бақылайтынын хабарлады.

Azattyq