Украина ұшағын зымыран атып түсіруі мүмкін: желіде видео жарияланды

0
39

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зымыранның нысананы атқан сәті түскен кадрлар америкалық New York Times басылымында жария болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Америкалық New York Times газетінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде 19 секундтық видео пайда болды. Онда Тегеран әуежайы маңында украиналық әуе компаниясының Boeing лайнерін зымыран атып түсірген сәт бейнеленген деген болжам бар.

Бұған дейін «Украина халықаралық авиалиниялары» ұшағын зениттік зымыран атып түсірді деген болжамды Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі айтқан болатын.

Нақтыласақ, Цензор.нет порталының шеф-редакторы Юрий Бутусов Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Даниловқа сілтеме жасап, мамандар әуе апатының төрт себебін қарастырып отырғанын айтты.

  • ұшақты зениттік зымыранның атып түсіруі;
  • ұшқышсыз ұшу аппараты немесе басқа ұшу объектісімен соғылу;
  • техникалық себептерге байланысты қозғалтқыштың бұзылып, жарылуы;
  • лаңкестік акт салдарынан жарылыстың ұшақтың ішінде болуы.

Бұнымен қоса, 9 қаңтарды елде қаралы күн деп жариялаған Украина президенті Владимир Зеленский апатты тергеу аяқталғанға  дейін түрлі болжам айтпауға бірнеше мәрте шақырған еді.



sputniknews.kz