Украина үкіметінің басшысы мен бірнеше министр отставкаға кетті

0

Украина қауіпсіздік кеңесінің басшысы Василий Грицак пен қорғаныс министрі Степан Полторак отставка кетті. Олар мұндай шешімді Украина президенті Владимир Зеленскийдің инаугурациясынан соң қабылдаған.

20 мамырда өткен ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Зеленский қауіпсіз қызметінің, қорғаныс министрі мен бас прокурордың қызмет кетуі керегін айтқан. Бас прокурор Юрий Луценконың отставкаға кеткен-кетпегені әзірге белгісіз.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов пен сыртқы істер министрі Павел Климкин қызметтерінен кеткендерін хабарлаған. Оған қоса президент ұлықтау рәсімінде Жоғарғы Раданы тарататынын айтқан. Парламенттің вице-спикері Ирина Геращенко парламенттің таратылуын Конституцияға қайшы деп атады.

Кейінірек елдің премьер-министрі Владимир Гройсманның да отставка кеткені белгілі болды. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, арнаулы жиын өткізген Гройсман мұндай шешімді 15 мамырда қабылдағанын айтқан. Отставкаға кету туралы ресми өтінішті премьер-министр 22 мамырда түсірмек.

Оқи отырыңыз: «Халық жыламас үшін қолымнан келгенін жасаймын». Зеленский қызметіне кірісті

Украина заңнамасы бойынша, премьер-министр отставкасынан соң министрлер де түгелдей қызметтерінен кетуі керек. Бірақ үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанша қызметін атқаруы тиіс. Оны құратын — Жоғарғы Рада. Бірақ Зеленский парламентті тарататынын айтқан. Рада тарауы үшін президент арнаулы қаулыға қол қоюы керек.

Алдын ала мәлімет бойынша, кезектен тыс парламент сайлауы 14 шілдеде өтуі мүмкін.

Azattyq