Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео

0
45

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Колониядағы бүлікке, алдын ала мәлімет бойынша, сотталушыларды тінту себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Одессадағы №51 оңтүстік түзету колониясында тұтқындар әкімшілік ғимаратты басып алуға тырысып, өрт қойды, деп хабарлады Ұлттық полиция басшысының бірінші орынбасары Вячеслав Аброськин.

«Бүгін Одессада түзеу мекемесінде сотталғандар әкімшілік ғимаратты басып алуға әрекеттеніп, өрт қойды… Мақсат – жағдайды тұрақсыздандыру», – деп жазды Аброськин Facebook-тегі парақшасында.

Шаруашылық  орынжайлардағы өрт дер кезінде сөндірілді.

Украина омбудсмені Людмила Денисованың айтуынша, бүлікке сотталушыларды тінту себеп болуы мүмкін, деп жазды РИА Новости.

Сотталғандар үш медициналық қызметкер мен үш күзетшіні кепілге алды. Олар босатылды.

Кейінірек бүлік салғандардың бесеуі бұл түзету мекемесінен шығарылғаны белгілі болды. Денисованың айтуынша, көтерілісті басу кезінде тұтқындардың құқықтары бұзылған жоқ, «ешкім елеулі зардап шекпеді».



sputniknews.kz