Украина сепаратистерге «Байрактармен» соққы жасады (ВИДЕО)

0

Украиналық әскерилер Түркияның ұшқышсыз басқарылатын «Байрактар»-ды қолданып, қарсыластың артиллериялық қаруының көзін жойды.

Оған дейін Украинаның қарулы күштерінің «Шығыс» қолбасшылығы сепаратистердің шабуылы кезінде бір сарбаздың қаза тауып, бір сарбаздың жарақат алғаны туралы хабарлаған. Сәйкесінше ұшқышсыз ұшу аппараты кері шабуыл кезінде қолданған болуы мүмкін.

«Байрақтармен» жасалған тұңғыш ракеталық соққы жайында украиналық әскери блогер Роман Доник хабарлады.

«Бірнеше күннен бері сепартистерді жақтайтындар Украинаның Қарулы Күштері Минск келісімін бұзып, шекарадан өткенін айтып  жүр. Бүгінде олар Донецк облысындағы Гранитное ауылын атқылады. Әскерилер  сарбаздар мен қарапайым азаматтардың өмірін қорғап қалып, кері жауап беру үшін «Байрактарды» көкке көтерді. Ол жаудың батереясын анықтап, қару-жарағының көзін жойды», деп жазды блогер.

https://www.youtube.com/watch?v=P-bCS38ESKo