Украина қазір Қазақстанның тәуелсіздігі үшін де күресуде — экс-премьер Қажыгелдин
Украина қазір Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресуде, деді экс-премьер Әкежан Қажыгелдин өзінің Deutsche Welle арнасына берген сұхбатында.
«Ресей, егер ресми түрде оған жол берсе, көптеген халықаралық шарттарды бұзуға мәжбүр болады. Қазір ол сол себепті ештеңе істеп жатқан жоқ. Қазір Украина біздің де тәуелсіздігіміз үшін күресіп жатыр деп айта аламыз. Үлкен елдің Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қорытындысын қайта қарауға бел буған жағдай. Әр аймақта әртүрлі. Ешкім өз егемендігінен бас тартқысы келмейді, Қазақстан Республикасы да соның қатарында» деді Әкежан Қажегелдин.