Украина қақтығысына қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталады

Фото dauletten.kz сайтынан алынды
Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін Қазақстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп жазады kznews.kz сайты Abai.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» қылмыстық істі тергеп жатыр», – дейді ҰҚК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті.