Украина президенті жаппай мобилизация туралы қаулы қабылдады

0
85
Зеленский жоғары басқолбасшы міндетін мойнына жүктеді
Украина президенті Владимир Зеленский 90 күн ішінде Украинада жаппай мобилизация өткізу туралы қаулы қабылдады, деп жазды РИА Новости.
Қаулыға сәйкес, 90 күн ішінде мобилизация Винницк, Волынск, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франков, Киев, Кировоград, Луганск, Львовск, Николаевск, Одесса, Полтава, Ровенск, Сумск, Тернополь, Харьков, Херсонск, Хмельницк, Черкасск, Черновицк, Черниговск облыстары мен Киев қаласында жүргізіледі.
Сонымен қатар Зеленский жоғары басқолбасшы міндетін мойнына жүктеді.
Украина президенті соңғы мәліметтер бойынша, елдің 137 азаматы көз жұмғанын хабарлады. Оның оны офицер. 316 адам жарақат алды.