Украина Олег Сенцовты ресейлік журналистпен алмастыруды ұсынды

0
38

Украина президенті Владимир Зеленский әкімшілігі Кремльге Ресейде сотталған украиналық режиссер Олег Сенцовты Киевте қамауға алынған «РИА Новости Украина» жетекшісі Кирилл Вышинскиймен алмастыруды ұсынды. Бұл туралы Зеленский баспасөз хатшысы Юлия Мендель Facebook-тағы парақшасында жазады.

Осылайша Киев Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ұсынысына жауап берді. Песков Ресей мен Украина арасындағы жағдайды қалыпқа келтірудің алғашқы қадамы ретінде Вышинскийді босатуды ұсынған.

«Еркін қадам жасау саясатын толық қолдаймыз және Ресейге де алғашқы қадамын жасап, Олег Сенцовты босатуын ұсынамыз. Екі елдің өзара сенімді болуы үшін мұны бір уақытта жасауды ұсынамыз» деп жазды Мендель.

  • 2014 жылы мамыр айында Ресей билігі украиналық режиссер Олег Сенцовты “Қырымда теракт жасамақ болды” деп айыптап, 20 жылға соттады. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды, ал халықаралық ұйымдар оны саяси тұтқын деп таныған. Сенцов қазір Ресейдің Ямало-Ненецкий автономиялық округіндегі Лабытнанги қаласында колонияда жазасын өтеп жатыр.
  • Кирилл Вышинский былтыр 15 мамырда Киевтегі «РИА Новости Украина» ақпарат агенттігінде жасалған тінтуден кейін ұсталды. Сол күні Украинаның қауіпсіздік қызметі оған “мемлекеттік сатқындық жасады” деген айып тақты. Ол 15 жылға сотталуы мүмкін. Мәскеу оның журналистік қызметі үшін қамауға алынғанын мәлімдеген.
  • Қырым аннексиясы мен Донбастағы әскери жанжалдан бері Ресей мен Украина билігі бір-бірінің жүздеген азаматын қамап, соттаған.

Azattyq