Украина НАТО елдерінен 120 миллиард доллар қаржылық көмек алды
НАТО елдері Украинаға шамамен 120 миллиард долларға әскери, гуманитарлық және қаржылық көмек көрсетті.
«Соғыс басталғаннан бері НАТО-дағы 30 одақтас елдер Украинаға бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетті. Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг 8 ақпанда Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты», — деп хабарлайды DW.
Столтенберг АҚШ-тың ең үлкен одақтасы ретінде осыған байланысты «таптырмас рөл» атқаратынын атап өтті. НАТО Бас хатшысы сонымен қатар Еуропа елдері 5 миллионға жуық украиндық босқындарды қабылдап, бұрын-соңды болмаған санкциялар енгізіп, Ресейден газ бен мұнайдан бас тартатынына назар аударды.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz