Украина мәселесі «норманд форматында» шешілуі тиіс – Тоқаев

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында Украина мәселесіне тоқталып өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина халқы бейбіт өмір сүруге лайық екенін айтты. Ол Украина мәселесі норманд форматында шешілуі тиіс екенін атап өтті.

«Украина мәселесі норманд форматында шешілуі тиіс деп ойлаймыз. 9 желтоқсан күні Парижде норманд форматының отырысы өтеді. Украина халқы бейбіт, жақсы өмірге лайық деп есептейміз», — деді Қазақстан президенті Германияда өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Қазақстан мен Украинаны достық, әріптестік қатынас байланыстырып отырғанын айтты.

Бұған дейін немістің Deutsche Welle телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Тоқаев Қырымдағы жағдайды аннексия деп санамайтынын айтқан еді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев астана атауының өзгеруіне қатысты сауалға жауап берді – видео

Нұрсұлтан Назарбаевтың экс-кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Украинаның сыртқы істер министрлігінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді. Ол Қазақстан Назарбаев басшылық еткенде де, Тоқаев басшылық еткенде де Қырымды ресми түрде Ресей федерациясының бөлігі деп танымағанын жеткізді.

«Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның позициясы өзгерген жоқ. Бұл біздің еліміздің ресми ұстанымы», — деді Ертісбаев.



sputniknews.kz