Украина Керчь жанжалына байланысты Ресейді сотқа берді

0

Украина Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына Ресейдің үстінен Қырым жағалауында әскери кемелерін теңізшілерімен бірге ұстағаны үшін шағым түсірді. Киев кемелер мен теңізшілерді тұтқындауды заңсыз деп санайды. Бұл туралы Украинаның Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты бойынша өкілі Иван Лищин Facebook-те хабарлады.

25 қарашада Ресей шекарашылары Керчь бұғазы арқылы Мариупольге бармақ болған Украинаның үш кемесін ұстаған. Ресей билігі кемелер Ресейдің Қырым жағалауындағы аумағына заңсыз кірмек болды деп санайды. Киев болса Ресей мен Украина арасында 2003 жылы жасалған келісім бойынша украин кемелерінің Қара теңіздің Ресейге тиесілі аумағында жүруіне болатынын айтады.

Үш кемеде болған 24 украин теңізшісі сот санкциясымен Мәскеудегі тергеу абақтысына қамауға алынды. Олар Ресейдің мемлекеттік шекарасын бұзды деп айыпталып отыр. Теңізшілер өздерін әскери тұтқынбыз деп санайды.

Дереккөз: Азаттық