Украина халқына агрессия танытқандарға қарсы қару қолдануға рұқсат берілді

0

Украинаның барлық тұрғындарына соғыс кезінде қару қолдануға болады. Ел президенті Владимир Зеленский осындай мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Бұл аңшылық, спорттық және марапаттық қару болуы керек. Бейбіт тұрғындар «Украинаға қарсы қарулы агрессия танытатын адамдарға» қарсы қару қолданғаны үшін жауапқа тартылмайды.

«Соғыс жағдайында Украина азаматтары өздерінің қару-жарақтарын, спорттық қаруларын (тапаншалар, револьверлер, мылтықтар, тегіс ұңғылы мылтықтар), аң аулау мылтықтарын, тегіс ұңғылы немесе аралас мылтықтарды, сондай-ақ оған оқ-дәрілерді қолдана отырып қарсы тұра алады», – делінген Жоғарғы Рада сайтында жарияланған құжатта.

Заң күшіне енді және соғыс уақытының барлық кезеңінде қолданылады.

Еске салсақ, Украинада осы заңның қабылдануына дейін халыққа әскери қару беру туралы шешім қабылданған еді. Бұл қазірдің өзінде Украина билігі басқаратын қалалардағы көшелерде озбырлық толқынын тудырды.