Украина елшісі кешірім сұрады – Айбек Смадияров

0

Ол өз әрекетін эмоцияға беріліп кеткендігімен түсіндірді.

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында айтты.

Біз Украина елшісін шақырып, оның мәлімдемесіне өз наразылығымызды жеткіздік. Ол кешірім сұрап, мұны елінде соғыс болып жатқанына байланысты эмоция үстінде айтқанын мәлімдеді, — деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің мәлімдемесіне наразылық білдіргені туралы жазған едік.

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан.