Украина атысты тоқтатар емес

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Донецк халық республикасының басшысы Украина президенті Владимир Зеленский билікке бейбіт ұранмен келгеніне қарамастан, әлі күнге дейін оларды орындаған жоқ деген пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Өз егемендігін жариялаған Донецк халық республикасының басшысы Денис Пушилин Украина билігі Минскте қол қойылған «Штайнмайер формуласына» қарамастан өз міндеттерін орындайтынына күмәнданады.

«Штайнмайер формуласы» «норманд форматында» 2016-2016 жылдары келісілді. Осы формулаға қатысты талқылаулар бірнеше жылға жалғасты. Пушилиннің айтуынша, Украинада билік өзгергенде Киев «Минск келісімдері» аясында өзіне алған міндеттерді орындайды деген үміт пайда болды.

«Біз алдыңғы келісімдердердің ең қарапайымы – «Штайнмайер формуласын» алдық. Украина келіссөз жүргізушілерінде ешқайда сытылып кету мүмкіндігі болмас үшін бұның бәрін байланыс тобы аясында тіркеу, норманд шешімі шеңберінде растау ұсынылды. Бұл «норманд форматындағы» шарттардың бірі болды», — деді Пушилин РИА Новости порталына берген сұқбатында.

Киев үшін келесі шарт Петровское мен Золотое елді мекендерінде күштерді шоғырландыру болды.

«Қазір Украина Станица Луганскаяда жұмыс бастады, бірақ Петровское мен Золотое елді мекендерін жауып тастады. Әрине біз Украина билігіне оларда қандай да бір басқаруға көнбейтін радикалдар бар деп түсіністікпен қараушы едік. Бірақ осы уақыт бойы біздің аумақта снарядтар ұшты, «Минск», «норманд», алдын ала сипаттағы кездесу сияқты түрлі форматтарда келісімдер бекітілді», — деді Донецк халық республикасының басшысы.

Тағы оқыңыз: Украина президенті қанша жалақы алатыны белгілі болды

Радикалдар проблемасы – қазіргі Украина билігінің мәселесі, деп атап өтті Денис Пушилин.

«Украина билігі кейінгі жылдары сол елде қаптап кеткен радикалдар және басқа неонацистер мәселесін шеше алады. Біз өз міндеттерімізді толық орындап отырмыз және «Минск келісімдерін» жүзеге асыруға дайынбыз. Бірақ бұны бір тараптан істеу мүмкін болмай тұр», — деп атап өтті Пушилин.

Оның пікірінше, Зеленский билікке бейбіт ұрандармен келгеніне қарамастан, әлі күнге дейін оларды орындаған жоқ.

«Атысты тоқтату туралы бұйрық жоқ. Украина осы бойынша ешбір талапты орындамады», — деп мәлімдеді Денис Пушилин.



sputniknews.kz