Украина әскеріне Рамзан Қадыровтың көзін жоюға бұйрық берілді

0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Киев маңында екені расталса, Украина қарулы күштері оны көзін жоюға бұйрық беріледі, деп хабарлайды kznews.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 13 наурызда ұлттық телемарафонның эфирінде Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді.

13 наурызда желіде Шешенстан мемлекеттік арнасы Грозный жариялаған видео пайда болды: «Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров арнайы әскери операцияға қатысқан жауынгерлермен бірге Украинада».

Бейне сұхбатта қол астындағы қызметкер Киевтен 7 шақырым жердегі балалар үйін басып алу операциясы туралы хабарлайды. Видео нақты қай жерде және қашан белгісіз қараңғы жертөледе түсірілген.

«Қазір ақпараттың дұрыс-бұрыс еместігі тексеріліп жатыр. Бірақ оны кеше Грозныйда көргені туралы ақпарат бар. Бірақ бір күнде Киевтің жанынан келуге болады. Соған қарамастан оның сыртқы түрі ештеңені шешпейді. Ақпарат рас болса, біз оны жоямыз. Егер ақпаратты анықтамасақ, келесі жолы жоямыз», – деді Арестович.

Kadyrov_95 Telegram-арнасы «Егер Қадыров шынымен де Киевтің жанында болса, Украина Қарулы Күштері оны жояды – Арестович» деген тақырыпты қайта жариялап, «Неге «егер» дейді? Видеоны көрмедің бе, әлде есігіңді қағуым керек пе?» делінген хабарламада.

Өз кезегінде Арестович бұл ұсынысқа Facebook желісінде: «Ал, қағып көрсін» деп жазды.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.

2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.

27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау үшін геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.