Украина әскери-теңіз күштері АҚШ-тан қандай қайықтар алатыны белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Америка Құрама Штаттарының Украинаға әскери көмегі қарапайым ақиқатты растайды: америкалық қару-жарақ Ресеймен достық қарым-қатынастың орнын баса алмайды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Украина әскери-теңіз күштері әлемдік мұхитқа жаңа қадам жасады – бұған дейін Ocean Freedom құрғақ жүк таситын кемесімен АҚШ-тан әкелінген Island типті Р 190 «Старобельск» және Р 191 «Славянск» екі ескі патрульдік катер 9 қарашада сынақтан өтті.
Бұл жүзу құралдары есептен шығарылғанға дейін АҚШ жағалау күзетінде Cutters Drummond және Cushing деп аталған әрі 30 жыл қызметінде көп нәрсені көрген. Дегенмен алты ескі қайық Украина әскери-теңіз күштерінде екінші өмірін бастайды. АҚШ-тың Украинаға катерлер беру туралы шешімін жүзеге асыруға екі жылдан астам уақыт кетті.
Тағы оқыңыз: «Болар іс болды»: Назарбаев кеше Путинмен не жайлы сөйлескені белгілі болды
Киевтің пікірінше, Island типті патрульдік қайықтардың жеке украиналық дивизионы жақын маңдағы теңіз аймағын бақылай алады, тіпті НАТО кемелерін қолдау үшін Жерорта теңізіне шыға алады.
Дегенмен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайеннің айтуынша, Штаттар Украинаға әрдайым әскери көмек көрсете алмайды. Бұған қоса, ол Киев пен Мәскеу арасында келісімдер орнайтынына сенім білдірді.
Тағы оқыңыз: Назарбаев ұсыныс жасады: Кремльдің жауабы қандай?
АҚШ федералдық бюджетінің жобасында Украина қауіпсіздігін нығайтуға 250 миллион доллар көлемінде қаржы қарастырылған. 2018-ші қаржылық жылғы қорғаныс бюджеті Киевке әскери көмекті 350 миллион доллар көлемінде қарастырды.
Бес жылда, 2014 жылдан бастап Украина қарулы күштерін АҚШ тарапынан қолдау мөлшері 1 миллиард доллардан асып кетті. Дегенмен қыркүйек соңында Вашингтон Украинаға 400 миллион доллар көлеміндегі әскери көмекті тоқтатып тастады, және де бұндай секвестр Киевке еш жақсылық әкелмейді.
sputniknews.kz