үкімге қатысты апеляциялық арыз түсті

Қаралым күні әлі белгелінген жоқ.
Денис Теннің ісіне қатысты екі жақтан бірдей апеляциялық арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, апеляциялық арыз екі күннің ішінде түскен: 31-қаңтар және 1-ақпан.
Қайтыс болған фигурист Денис Теннің анасы үкімге қатысты арызды 31-қаңтарда берсе, сотталғандар жағы да сол күні тастаған. Жәбірленуші Өстемірованың адвокаты өзінің апеляциялық арызын 1-ақпан күні беріпті.
Апеляциялық арыздың мазмұны мен қаралым күні әлі белгісіз.
Сотталушылар Қиясовқа, Құдайбергенов пен Толыбаеваға қатысты үкім 17-қаңтарда шыққан болатын. Алдыңғы екеуіне 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсе, аяғы ауыр сотталушыны 4 жылға темір торға тоғыту үкімі шықты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/