Үкіметтің жаңа құрамы бүгін қаралуы мүмкін

0
106
Advertisement

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Депутат тоғыз министрдің кандидатурасы қаралуы мүмкін екенін, бірақ әзірге нақты түсініктеме бере алмайтынын айтты

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы бүгін қаралады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Александр Суслов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгін комитеттер (мәжіліс – Sputnik) өз министрлерінің кандидатурасын қарайды. Меніңше, тоғыз министр. Әзірге түсініктеме бере алмаймын», – деді мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Суслов.

Депутаттың айтуынша, бүгін президенттің қатысуымен өткен төменгі палатаның жалпы отырысында мәжілісмендер премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған.

«Парламент мәжілісі оны өте жақсы таниды. Мамин мырза бұл қызметті абыроймен атқарады деген ойдамын. Президент әлеуметтік саясатқа, яғни халықтың тұрмысын жақсартуға басымдық беріп отыр. Сондықтан Маминге көп нәрсе байланысты болады», – деді ол.

Айта кетсек, бүгін президент мәжілістің жалпы отырысына қатысып, төменгі палата депутаттарының қарауына премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс аталған кандидатураны мақұлдады. Артынша Назарбаев Асқар Маминді премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңа үкіметтің алдағы міндеттері туралы 27 ақпанда президенттің қатысуымен өтетін «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылады.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз