«Үкіметтің өзі халыққа масыл болып отыр» — Мұхтар Тайжан

0

Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасында халықты масылға теңеген Ауыл партияның жетекшісі Бектаевты сынап тағы бір жазба жариялады.

Мұхтар мырзаның айтуынша, бұл партияның өкіліне халыққа «масыл» деп айту тіпті ұят дүние.

«Халық мемлекетке (Үкіметке) ешқандай масыл емес.

Ауыл партияның жетекшісі Бектаев мырзаны мен сыйлаушы едім, әлі де құрметтеймін. Бірақ халыққа масыл деп айту — мүлдем негізсіз.

Соңғы 10 жылда мемлекет жеке секторын жойып, мемлекетттік экономиканы орнатты. Қазақстан экономикасы нағыз советтік-госпландық экономикаға айналып кетті. Қайда барсаң мемлекеттің ролі басым, монополия.

Бұндай жағдайда жұмысшы орындар әлбетте азаяды, ал әлеуметтік көмек көбейеді. Бұндай жүйені үкімет-мемлекет өзі құрып алды.

Ал Ауыл партияның төрағасы жайылымдармен не болып жатқанын жақсы біледі деп ойлаймын. Жайылымдар блатнойлардың ғана қолында табылды. Қарапайым халық жайылымсыз қиналып отыр. Сондықтан нақты бұл партияның өкіліне халыққа «масыл» деп айту тіпті ұят.

Ал Үкімет Ұлттық қорымызды жеп болды, ол туралы мен жазғанмын. Ұлттық қор дегеніміз ол халықтың қазынасы, ұрпақтың үміті. Демек үкіметтің өзі халыққа масыл болып тұр», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.