Үкіметте бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

Қысқа сілтеме алу
Арман Евниев пен Берік Бейсенғалиев қызметінен босатылды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан үкіметінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚР үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Ал Арман Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Сонымен қатар Берік Бейсенғалиев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті.
Бұған дейін экс-министр Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.
sputniknews.kz