Үкімет қоғамда дүрбелең туғызатындарға ескерту жасады

0
9

Полиция департаменттерінде фейк ақпараттарды және оны жариялаған адамдарды анықтайтын арнайы жұмыс топтары құрылған

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Коронавирус туралы фейк таратқан 41 адам ұсталды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 8-сынып оқушысы коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде коронавирусқа қатысты фейк жаңалықтар көбейіп кеткен. Адамдар өздері байқамай, ескі видеоларды, басқа елдерде болған оқиғаларды бізде болды деп таратып жатыр. Бұдан басқа, жалған аудиожазбалар да аз емес.

«Оған кейбір адамдар сенеді. Бұның барлығы қоғамда үрей туғызады. Сондықтан тағы да қайталап айтамыз, тек ресми ақпарат көздерін ғана қараңыздар. Сол жердегі мәліметке ғана сеніңіздер. Қазір барлық полиция департаменттерінде осындай жалған ақпараттарды және оны жариялаған адамдарды анықтайтын арнайы жұмыс топтары бар», – деді Абаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавирус туралы фейк ақпарат тарату бойынша 41 іс қозғалған.

«Барлық кінәлі азаматтар заңға сәйкес жазаланады», – деп түйіндеді Абаев.



sputniknews.kz