Үкімет бюджет қаражатын ұрлау үшін Jusan банкпен сөз байласуда — депутат

0

Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Қазақстан үкіметін бюджет қаражатын ұрлау үшін Ұлттық банкпен және Jusan bank-пен сөз байласып жатыр деп күдіктенді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов депутаттың бұл пікірімен келіспеді, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы orda.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

11 қаңтарда Смаилов Үкімет пен Ұлттық Банк банктерді құтқару және қазақстандықтардың депозиттерін сақтау үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын түсіндірді.

«Бұл қолдау шаралары осы қаржы институттарындағы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалды. Мәселе халық пен бизнестің депозиттерінің сақталуын қамтамасыз ету туралы болып отыр. Егер мұндай ынтымақты қолдау болмаса, онда біз мемлекет тарапынан азаматтар мен бизнестің депозиттерін жоғалтуға және қаржы жүйесінің тұрақсыздануына байланысты жағдайды реттей алмайтын едік, — деді премьер.

http://t.me/orda_kz

Фото: Руслан Пряников