Үкімет басшысы наградалар табыс етті

0

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ел Президенті Н.Назарбаев атынан мемлекеттік қызметкерлерге және ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттарды табыстады.

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің Су ресурстары ко­ми­тетінің төрағасы И.Әбішевке берілді. «Парасат» ордені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-ми­нистрі С.Жақыповаға, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй ком­му­налдық шаруашылығы істері комите­тінің төрағасы М.Жайымбетовке және басқаларына табысталды.
«Құрмет» ордені Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Е.Көшербаевқа, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Тө­кежановқа, Қорғаныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігінің жауапты хатшысы Ә.Ахмет­жа­новқа, Ұлттық экономика министр­лігінің жауапты хатшысы А.Жұмабековке, Әділет министрінің орынбасары Ж.Ешмағамбетовке, Ұлттық эконо­мика бірінші вице-министрі Р.Дә­­­леновке, Қаржы вице-министрі Б.Шолпан­құ­ловқа, Білім және ғы­­лым вице-министрі Б.Асы­ловаға, Инвес­тиция­лар және даму ми­нистрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.На­­дырбаевқа, Премьер-министрдің Баспасөз қызметінің бас сарапшысы Ш.Шахайға табысталды.
Марапаттау рәсімі барысында Бақытжан Сағынтаев «Ерен еңбегі үшін» медалін Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы А.Пірім­құловқа, Премьер-министр Кеңсесінің бас инспекторлары Қ.Қа­­­ли­бековке, Д.Сапановқа, А.Сарсенбинаға, Премьер-министрдің Баспасөз қызметінің сектор мең­ге­­рушісі Д.Нәкеноваға және басқаларына тапсырды.
Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік қыз­меткерлер Қазақстанның Құрмет грамотасымен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және Премьер-министрдің алғысхатымен марапатталды.

Дереккөз: Айқын