Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын сатып алатын инвестор тапты
Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртауды» сатып алатын инвестор тапты. Бірақ әзірге аты-жөнін жасырып отыр.
4 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметте брифинг өткізді. Скляр «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ты ұлттандыруға қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, болашақ инвестор өндірісті дамытуға инвестиция салу бойынша міндеттемелерін орындауы керек. Үкіметтің оған қоятын басты талабы да осы.
Салынатын инвестиция бір миллиард доллардан асады. Компания кәсіпорындарын қалпына келтіру және жаңғырту үшін бес жыл ішінде барлығы үш миллиард долларға жуық инвестиция салу қажет.
Қазақстан жақында Лакшми Митталдан 46 кенші қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнын алды. Бірақ оны жаңғыртуға үш миллиард долларға жуық инвестиция салу қажет. Үкімет мұны істемейді.
Олар барлық инвестицияны кәсіпорынның болашақ инвесторына бөлуді жоспарлап отыр. Жаңа инвестор қажетті жөндеу жұмыстарына дереу 1,3 миллиард доллар бөлуі керек. Инвестор отандық болады, деп уәде етті Смайылов.
ақпарат: Orda.kz
фото: kursiv.media