Ұйықтап отырған депутат

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

Әлеуметтік желіде тараған видеода отырыста бір мәселе қызу талқыланып жатқан сәтте коммунистік партияның мүшесі Владислав Косарев құлаққаптың бір жағын түсіріп, көзін жұмып отыр. Желі қолданушылары депутат қалың ұйқыға кетті деп сынға алды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Владислав Косарев желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода депутаттардың біреуі сұрақ қойып отыр. Ал оның жанында отырған Қазақстан коммунистік партиясының мүшесі, мәжіліс депутат Владислав Косарев құлаққаптың бір жағын түсіріп, көзін жұмып отыр. Желі қолданушылары оны ұйқыға кетті деп сынға алды.

Депутат Косаревтің өзі видеоны көрмегенін айтты. Алайда ол жайында біреу сұраса, жауап беруге дайын екенін жеткізді.

«Адамдар жазса, жаза берсін. Енді, мен нарызылық білдіремін бе? Олай жасамаймын. Ондайда үндемей құтылған дұрыс. Мен өзім видеоны көрген жоқпын. Көргеннен кейін сұраған адамға жауап беретін сөз табамын. Алдымен көрейін, сосын жауап беремін», — деді Косарев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.



sputniknews.kz