Үйсіз қалған жаңаөзендіктерге пәтер берілетін болды

0

Маңғыстау облысында жарылыстан зардап шегіп, үйсіз қалған жаңаөзендіктерге пәтер беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан көз жұмған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.

Үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі. Зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық қажет көмек көрсетіледі, — деп жазылған хабарламада.