«Үйлену тойында сыйлаған көлікті есептемеңіз»: Абай Бегей қызы Сымбаттың жасауына қанша теңге жұмсағанын жариялады
16 жасында тұрмысқа шыққан әнші Абай Бегейдің қызы Сымбаттың жасауы ел аузында әлі талқыланып жатыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің келіні Бәдинұр оқырмандарынан келген сұраққа жауап берді.
“Бәріне қызық болып жатқан бір сұрақ бар: Сымбаттың жасауына қатысты екен. Қызымызға әкесі-анасы, әжесі мен әпкелері болып аянбай бердік. Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық. Бастысы бақытты болсын”, – деп жазды қыздың жеңгесі.
Сондай-ақ жігіттің әкелген қалыңмалы да қызу талқыға түсті. Жігіттің жеңгесі “Ел қатарлы бердік” деп нақты сумманы жасырмақ болып еді, Сымбаттың жеңгесі жариялап қойды.
“Құдаларымызға Алла разы болсын. Ешкімнен артық та, кем де қылмай 3 миллион теңге әкелді”, – деп жазды блогер келіншек.