«Үйлену тойы болатын күн еді»: Құлсарыда 8 күн бұрын жоғалып кеткен әкелі балалының денелері табылды

0

Танымал журналист әлеуметтік желідегі парақшасырда 6 сәуір күні су басқан үйлерін көреміз деп шығып кетіп, қайта оралмаған әкелі-балалының денесі табылғанын айтты.

«Ауыр қаза
Жүрегім ауырып, қабырғам қайысып отыр
Бір үйден 2 адам, әке мен бала…
Отбасында 1 ұл, 1 қыз еді. Бір-ақ сәтте арыстай 2 адамынан айырылған шаңырақтың қайғысына ортақпын. Енді анасы мен Диана қызымыз екеуі қалды…
Жәй ғана жауапсыздық, іздеу-құтқару шараларына салғырттықтан 2 адам бақи дүниеге кетті.
Шыр-пыр болып су басына келіп, Әкешім, Асылхаааан деп жаңғыртқан қыздың үнін естіп дабыл қосып ем. Ертеңіне күштік құрылымдар кірісіп іздеген болды. Алайда, Алматыда отырып пост жазып, история салмасаң іс баяулап қалады.
Не қайық, рация, су плащь, не комбинезон, фонарик т.б. ең қажет заттың бәрі МЧС-те жоқ деп жылаған әулетке көмекке осы заттардың бәрін Алматыдан арқалап келіп едім… Өкінішке орай, бүгін бұл құралдардың бәрі керек емес болып қалды. Кеш қалдық…
Тура мен келгенде қос денені судан алып шықты. Ал, негізі бүгін Асылхан үйленіп, дүркіретіп той жасап жатуы керек-тін. Алланың бұйрығына қарсы шара бар ма?
Ертең арулап жерлеу рәсімі. Өздері үйі суға кетіп, күйі жоқ.
Бір әулеттің шаңырағын шайқалтқан қазаға қайғыра көңіл айтамын.
Алла алдарынан жарылқасын.
Төтенше жағдай кезінде адам өмірін қауіпсіз сақтай алмаған құзырлы жандар заң алдында жауап беруі тиіс!!!
Алла отбасына сабыр, елге тыныштық берсін», — деп жазды журналист.

 

фото: caravan.kz