үйіңізді ретке келтіруге көмектесетін 5 лайфхак

0

​Жаңа жылдық қарбалас: үйіңізді ретке келтіруге көмектесетін 5 лайфхак


АҚШ-тың кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі маманы үйді тез арада ретке келтіру тәртібіне қатысты тізім құрап, ұсынып отыр.

1. Өзіңізге қажетті немесе пайдаланатын затты ғана қалдырыңыз
Айналаңызға жақсылап қараңыз. Соңғы жылы пайдаланбаған затты тауып алыңыз, неге екенін ойланыңыз. Орындықтың арқасына кептеле ілінген киімдерді әрқайсысын өз орнына қойып, реттеңіз (мәселе көзден таса қылу ғана емес, әдемілеп жинау).

2. Дүкенге мақсатпен барыңыз
Үйде бос кеңістіктің болуы сатып алуларды аз жасау екені анық. Егер сақтайтын жеріңіз болмаса, қағаз майлықтарды жылына жетерлік қып көп қылып сатып алып қою дұрыс болмас. Киім туралы да соны айтуға болады. Керек киімді ғана қалдыру керек. Ал жаңа техника не тұрмыстық зат сатып алуға бара жатсаңыз, алдымен ескісінен арылыңыз. Қазіргі уақытта бәрін алғыңыз да келеді, алайда соның жартысынан көбін пайдаланбаймыз да, бос жатады.

3. Сөрені толтырыңыз
Бос кеңістікті жақсылап тұрып толтыру керек. Бос сөре бір нәрсе сатып алуға итермелеп тұрады. Нақты сөренің не үшін қажеттігін біліп отыруыңыз керек. Мәселен, ас үйдегі терезе жақтауында сағат, гүл және хош иісті балауыз тұратын болса, ол жерге ескі журналдарды үйіп-төгіп апарып қоюдың қажеті жоқ. Немесе сіз дұрыс тамақтануды қолға алған болсаңыз, ас үйдегі үстел бетіне ыдысқа жеміс-жидек салып қойғаныңыз абзал, қағаз поштасына ол жерде орын жоқ. Осылайша ақырындап нені қайда қою қажеттігі туралы тұжырымдама орнығатыны анық.

4. Өзгелерді үйретіңіз
Күйеу мен бала-шаға тазалық пен тәртіптің ауылынан алыс жататыны анық. Олардың әдетін бірнеше күн бақылап көріңіз. Асханадағы үстел бетінде нан қоқымы қала ма? Киімдерін қайда болсын тастай сала ма? Мәселен, балалар кіре берістен аяқ киімін киетін болса, ол жерге су сіңіріп алатын кілемшені төсеудің қажеттігі шамалы. Күйеуіңіз ертеңгісін кілт іздеп әуреленетін болса, кілтке арналған ілгіш орнатып қою деген секілді мәселелерге көңіл бөліңіз.

5. Киімді жинауды үйреніңіз
Көпшілік адам киімді сәнді түрде қораптарға салып, реттестіруді дұрыс деп есептейді. Бұл шынымен де ыңғайлы. Мәселен, жәшікке футболкаларды көлденеңінен салып жинауға болады, бұл нені киетініңізді бірден алуға мүмкіндік береді. Көпшілік адамдар киім көп, алайда киетін киім аз деп шағымданып жатады, сондай кездері осылай жинау кеңістіктің болуына жағдай жасайды.

Дереккөзі:​.goodhouse.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz