«Үйінен тамақ ішпейтін» әкім қанша жалақы алады?

0

Атырау облысының әкімі айлығы мен қызметтік көлігі жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«Екінші сұрағыңыз бойынша, қызметтік көлігімнің маркасы — Mercedes-Benz S 350 L, 2010 жылғы. Үшінші сұрағыңызға, міндетті салықтар сондай-ақ төлемдерді шегергенде айына 1,9 млн теңгеден астам еңбекақы аламын», — деп жауап берді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетсек, осы жазда Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Махамбет Досмұхамбетов азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны туралы сұраққа былайша жауап берген еді.

«Мен Атырауда тұрамын. Алайда балаларым өсіп кетті. Олар Нұр-Сұлтанда. Менің әйелім кейде олармен, кейде менімен тұрады. Мен үйден тамақ ішпеймін», — деген болатын.