Үйіне қонаққа шақырған: Елордалық әйелді желіде танысқан ер адам тонап кеткен

0

Әлеуметтік желілердегі танысу елорда тұрғыны үшін сәтсіздікке айналды.

Полиция қызметкерлері елорданың 25 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіттің қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

“Тергеу барысында күдікті әйелмен әлеуметтік желілердегі қосымша арқылы танысқаны белгілі болды. Хат алмасу арқылы сөйлесіп, екі тарап кездесіп, бір-бірін өмірде көрмек болады. Әйел жалдамалы пәтер жалдап, жаңа танысын соған шақырды. Кешкі уақытта жас жігіт әйелге қонаққа келіп, содан кейін жәбірленушіден екі ұялы телефонын ұрлап әкеткен”, – дейді Нұрсұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.