Үйіне оралған павлодарлық әйелі мен 3 баласының денесін тапты
Ер адам үйіне оралған кезде есік ішінен жабық болған. Үйде еш нәрсе қирамаған, бәрі өз орнында тұрған
Павлодарлық өз үйінде әйелі мен үш баласының денесін тапты, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«9 қараша түсте Айманов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан пәтерден қоңырау түсті. Ер адам төрт мәйіт тапқан. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы үйіне оралған ер адам есікті аша алмағанын анықтады. Ол көршілерінен шарқайрақ алып, есікті кесіп ашқан. Үйге кірген соң бөлмелердің бірінде әйелі мен 3 баласының мәйітін көрді», — деп хабарлайды Павлодар облысының полиция басшысы Нұрлан Мәсімов.
Бәрінің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Балалардың үлкені — жеті, ең кішкентайы үш жаста болған.
Ерлі-зайыпты бірге тұрған. Үйдегі заттардың бәрі өз орнында, полицияны үй иесі шақырды.
«Екі және одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша әйел балаларын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Sputnik.kz