Ұйғыр ауданында жанжал: облыс әкімі Шонжы ауылына барды

0

Бүгін таңертең Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген бейресми ақпарат тарады. Бұл туралы malim.kz сайты жазды.

Біз бұл ақпаратты растау үшін Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тұрғындарына хабарластық. Ауылдың екі тұрғыны бұл ақпаратты растағанымен, «ауылға өздерің келіп, жастармен тілдесіңдер» деп оқиға жайлы нақты ақпарат беруден бас тартты.

Бұл мәселе жайлы ресми органдар ешқандай мәлімет бермеді.

Алайда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Шонжы ауылына барып, дәл қазір ауыл тұрғындарымен шұғыл жиналыс өткізіп жатыр.