«Үйге қонбайды»: Әбдіжаппар туралы айтқан Роза Әлқожа келінін жылатты (ВИДЕО)

0

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа 31 жасқа толған туған күнін дүркіретін атап өтті.

Әншінің жақындары мен өнердегі әріптестері бас қосып, қуанышына ортақтасты. Інісіне тілек айтқан Роза Әлқожа келінін жылатып алды.

«Мен басында айтқанмын. «Әлі сен сияқты келіншектің оны болады. Соған төзесің бе? Үйге қонбайды, топырлатып бала тапсаң да, бағаламайды. Қыздар өздері келіп ұрынады деп айтқанмын. Негізі қыздар көзсіз батыр ғой. Сонда да “Мен Шымкентке келін боламын. Әпке, сізге серт беремін. Сіздердің әулетті көбейтемін,  өсіремін, өндіремін деді”, – деген Роза Әлқожаның сөзі Әбдіжаппардың келіншегін жылатып қойды.

Әншінің өзі бауырының туған күніне тілек айтып, жазба арнады.

“Ал, бауырым, бағым, жаным, толған жасың құтты болсын! Шәкірті озған болса, сол ұстаз мен болайын! Бауырына арқа сүйеген әпке болса мен болайын! Алла көп көрмесін! Бағыңды баянды етсін! Алла берекелі етсін! Төркінім боп төрімде тұр, асылым боп алдымда жүр”, – делінген жазбада.