“Үйді інімнің жеті күндік асы күні өртеп кетті“ — Шерзаттың әпкесі мән-жайды айтты

0
Перизат Нұрымова: Үйді белгісіз адамдардың торуылдап жүргенін қазір көршілер айтып жатыр.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әпкесі Перизат Нұрымова өрт туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Massaget.kz сайты.

«Бүгін негізі Шерзаттың «жетісі» ғой. Жетісін Талғарда қайтқан күні таратып жіберген болатынбыз, бірақ мына үйден «Иіс шығарайық» деп дайындалған едік. Іштің бәрін сыпырып, жуып, тазалап кеттік. Кешке дейін осында болдық», — деді ол.

Оның айтуынша, көршілері өртті сөндіруге тырысқанымен, бұл мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шамамен 20 минутта жеткен.

«Мына жақта мектепте істейтін мұғалім бар. Түнде түрін танымадым, жылап тұр екен. Сол кісінің баласы көрген екен. Бір кісінің жолдасы кеш келіпті, «Шай берейін деп жатсам, дала жарық боп кетті, терезелерге қарасам, түк көрінбейді. Далаға шығып қарасам, осы жаққа қарай жүгіріп бара жатыр екен» деді. Жүгіргендеріне қарағанда, қатты жанып жатқан ғой. «Су шашатындай болған жоқ, өрт сөндірушілерге әрең хабар бердік» деді. Өшіріп үлгергені осы болып тұр ғой», — деді Перизат Нұрымова.