«Үйдегілер сезбеген»: Астаналық көпбалалы отбасының пәтері жанып кетті – Қазақстан жаңалықтары

0
33

Наурыз айының 11-і күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлерінің бірінде өрт шығып, көпбалалы отбасы далада қалды. Бұл туралы Stan.kz тілшісі ауыр жағдайға түсіп қалған отбасының мұңын тыңдап көрді.

astana

«Өрт неден шыққаны әлі белгісіз. Күндізгі үш-төрттің кезінде балконнан түтін шыға бастаған. Оны біздің үйдегілер сезбеген. Ол кезде үйде балдызым екі баласымен және біздің 7 баламыз болған. Әйелім жұмыстың қамымен сыртта жүрген. Өрттің шығып жанып жатқанын бірінші болып сыртта жүрген адамдар көріп, жедел жәрдем шақырған. Үйдегілерге көршілер келіп айтқанда ғана білген. Қатты дүрсілдеген дыбысқа қорқып жүгіріп барып есікті ашқанда сырттағы жалын лап беріп үйге қап-қара түтін болып кірген. Үйдегілер қорыққандарынан жалаң аяқ-жалаң бас далаға жүгірген», – деген Мамыр Әбдіқадірұлы қазіргі таңда тәулікке жалға берілетін үйлерді паналап жүргендерін айтады.

«Өзім колледжде әскери дайындықтан сабақ беремін. Одан бөлек тағы да жұмыс жасауға тура келеді. Ал әйелім 7 баланы анасы, алтын алқа иегері. Балаларымыздың алды 15-те, ең кішіміз – 3 жаста. Заң бойынша АӘК алу үшін кіші балаң 3-ке толса, анасы жұмысқа шығуы керек. Олай болмаған жағдайда жәрдемақы ала алмайсың. Әйелім сол жұмыстың қамымен сыртта жүрген. Үйде біздің балаларымыздан бөлек балдызымның екі баласы болған», – дейді отағасы.

Күн көзі жылынбай жатып, шиеттей бала шағамен далада қалған отбасыға журналист Дәулет Төлеутайұлы өзінің инста-парақшасында елден қол ұшын созуды өтініп, пост жазды.

Көмектесемін деген азаматтарға реквизит:

ИИН: 680502301780

Телефон: 87025837468

Карта нөмері: 5169 4931 4231 4201 5596

Мамыр Әбдіқадірұлы Қ.

Дайындаған: Жанна Мәлік

stan.kz