Үйде алтын әшекейлерді қалай тазалау қажет?
Сары алтыннан жасалған әшекейді қалай тазалау керек?
1 стақан суға 1 шай қасық нашатыр спиртін, 1 ас қасық жуғыш зат (кір жуғыш ұнтақ немесе сұйық сабын) қосып, араластырыңыз. Қайнатып, ішіндегі заттар толық ерігенге дейін күтіңіз. Содан кейін сол суға алтынды салып, 1-2 сағатқа қойып қойыңыз. Содан кейін алтынды ағынды суға шайып, кептіріңіз.
Ақ алтыннан жасалған әшекейді қалай тазалау керек?
Ақ алтынды абайлап тазалау қажет. Бірдей мөлшерде су мен нашатыр спиртін алып, бірнеше тамшы жуғыш зат қоссаңыз болады. Қоспаны жақсылап араластырыңыз. Алтынды осы қоспаға салып, бір сағатқа қойып қойыңыз. Содан кейін таза сумен шайып, сүртіңіз.
Тасы бар алтынды қалай тазалау қажет?
Егер сіздің әшекейіңізде қымбат тастар болса оны тазалау қиындау болады. Себебі су тигенде кейбір тастар түсін жоғалтып, қараюы мүмкін. Мұндай заттарды тазалау үшін құлақ тазалайтын таяқшаны немесе тіс шұқығышты алып, басына мақта орап, одекалон сеуіп сонымен тастарды абайлап тазалаңыз. Ал алтынның өзі спирт қосылған ерітіндіге малынған жұмсақ матамен сүртіп, содан кейін таза сумен сүртіңіз. Содан кейін кептіріңіз.
Дереккөз: Сегодня
Дереккөз: http://reactor.inform.kz